Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат тележүргізуші Динара Сәтжан мен оның күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың отбасылық өміріне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады qandastar.kz.
Ляйсира Марат режиссёр Ақан Сатаевтың бұрынғы жұбайы Назира Бакаева берген резонанс тудырған сұхбатқа пікір білдіре отырып, Динара Сәтжанның күйеуінің бұрынғы жары қандай ауыр жағдайды бастан өткергенін баяндады.
Оның айтуынша, ол Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жұбайы Жаннамен жеке таныс болған. Сол бір ауыр кезеңде Жаннаның тағдыры күрделі сынақтарға толы болғанын атап өтті.
«Мен Жұмабектің бұрынғы әйелі Жаннаны танитынмын. Ол үшін аса қиын жыл еді: үйінде бес бала, анасы онкологиялық дерттен көз жұмды, ал күйеуі отбасынан кетіп қалды.
Бұл жазбаны өз өмірлерінде ұмыт қалу, сатқындық пен жалғыздықты бастан өткерген оқырмандарым үшін жазып отырмын.
Біз бармыз. Біз аман қалдық. Демек, жаңа кезең басталды. Бұл — жарық пен махаббатқа толы Екінші өмір», — деп жазды Ляйсира Марат.




