Студенттермен жүздескен танымал әнші Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады qandastar.kz.
Әнші Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде кездесу өткізді.
«Үйлену керек деген әңгімені түсініп отырмын. Енді бұйырса, көреміз. Асығатын түгі жоқ. Бәрі Құдайдың қолында. Бәлкім, алдағы уақытта. Уақыт көрсетеді», — деді ол.
Желі қолданушылары жылы пікірлерін жазып жатыр.
«Анасына ұқсаған әдемі, сыпайы, білімді қыз жолықсын», «Жүрегінде иманы мен мейірімі шексіз қызды жолықтырсын баламызға», «Қайырлысын нәсіп етсін,бақытты болсын» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетері, осы кездесуде Димаш Құдайбергенге ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры атағын алды.



