Жаңалықтар
Әнші Димаш соғыста қай тарапты қолдайтынын мәлімдеді
Фото: ашық дереккөз
Әлемге әйгілі өнер жұлдызы Димаш Құдайберген Астанадағы концерті кезінде соғыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Димаш кезекті әнін орындаған соң көрермендерге өзінің соғыс жайлы ойын бөлісті. Ол әлемде жүректі елжірететін, ұзақ талқылауды қажет ететін келеңсіз жайттар көптеп орын алып жатқанына өкініш білдірді.
“Осы орайда мен түсінбейтін бір ғана нәрсе бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын және мына бертінде де шетелдік журналистер менен көбіне “Екі ел соғысып жатса қай жаққа болысасыз?” деп сұрайды.
Екі елде соғыс болып жатқан жағдайда бір елдікі дұрыс болсын, екіншісінікі бұрыс болсын, не істесеңіздер де, араларыңызда келіспейтіндер болса да мен ешкімді қолдай алмаймын. Өйткені ана жақтан да, мына жақтан да сәбилер өледі”, деді Димаш Құдайберген.
Еске сала кетсек, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 13 қыркүйек күні Астанада әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген «Астана Арена» стадионында өзінің алғашқы жеке концертін өткізді. Димаштың концерті бүгінге де жоспарланған.
Елордадағы концертке әдеттегідей әншінің әлемнің әр түпкіріндегі жанкүйерлері келді.