Белгілі әнші Қыдырәлі Болмановтың өзге қызбен құшақтасқан видеосы тарады. Продюсер әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz.
Желіде тараған видеода Қыдырәлі Болмановтың жас қызбен құшақтасып, сүйісіп тұрған сәті бейнеленген. Әнші бұл көріністің өзі үшін өте ыңғайсыз екенін, әрі отбасына, әсіресе балаларына түсіндіру қиын екенін айтты. Өнер иесі аталған видеодағы адамның өзі емес екенін, бейненің жасанды интеллект (ИИ) арқылы жасалғанын жеткізді.
«Асыл әжем мұны көрсе, ойланбастан-ақ таяғын алып, «Қарақатың қайда?» – деп мені қуар еді. Бұл шығарманың жасанды интеллект арқылы жасалғанын түсіндіре алмас едім. Сол сияқты апа-әжелерім, «мынау не масқара?» деп қалмаңыздар, бұл мен емес! Құдай сақтасын», – деп жазды Қыдырәлі Болманов.
Қыдырәлі Болманов өз жазбасында әлеуметтік желілерде жала жабу, қаралау және ар-намыстан жұрдай әрекеттердің көбеюін сынға алды.



