Шоу бизнес

Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші хиджабтағы қызды таңдағанын айтты

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзінен 15 жас кіші бойжеткенмен түскен суретін жариялап, жұртшылықтың қызу талқысына себеп болды, деп жазады qandastar.kz.

Әнші суретті өзінің жеке парақшасына жүктеген.

«Ара 15 жас болса қалай? Кішкентай қыз, сендегі қиял бөтен, Сен туралы сезіммен жиі әндетем.

Сенің сол бір кішкентай жүрегіңе, мендегі таудай сезім сияр ма екен, деп қоясың ғо әлгі жерде», — деп жазды Ауыпбаев.

Дегенмен, көпшілік оның бұл таңдауын құптай қоймады.

Пікір қалдырған желі қолданушылары:

«Неге өнер жұлдыздары жасы ұлғайған кезде орамалды қыздарға үйір болады?», «Жас қыздар неге үлкен ер азаматтарға қызығады?», «Еркелетіп жүріп ерте есейтіп, қартайтып қоймасаңдар болды», «15 жас айырмашылық қорқынышты емес, махаббат жасқа қарамайды, Нұрғали атамыздан үлгі алыңдар», – деген сынды ойларын жазған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button