Жаңалықтар

Аңшылықтағы сұмдық: Атырауда ер адам серігін абайсызда атып өлтірді

Атырау облысында түнгі аңшылық қайғылы оқиғамен аяқталды. Алкоголь ішіп, аңға шыққан екі ер адамның бірі абайсызда екіншісін атып өлтірген, деп хабарлайды qandastar.kz сайты NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 6 желтоқсанда түнгі сағат 02:30 шамасында Қызылқоға ауданына қарасты Ақкора ауылынан 30 шақырым жерде болған. Алдын ала деректерге сәйкес, 36 жастағы ер адам аңшылыққа бірге шыққан 39 жастағы серігін оқ-дәріні дұрыс қолданбауы салдарынан байқаусызда атып жіберген.

Оқиға алдында олардың алкоголь тұтынғаны да белгілі болды. Дәл осы жағдай қайғылы қателіктің негізгі себебі болғаны айтылып отыр.

Атырау облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады. 36 жастағы азамат қамауға алынып, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жарияланбайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button