Жаңалықтар

Антикор экс шенеунікке іздеу жариялады

Фото: ашық дереккөз

«Антикор» БАҚ өкілдерінен келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Сот шешімімен Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Садвақасов Тимур Хабдуллаұлына іздеу жарияланды, деп хабарлады qandastar.kz

Ол аса ірі көлемде қылмыстық іс қозғау мәселесін оң шешу үшін мемлекеттік қызметшілерге пара беруге үгіттегеді және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. «Атап айтқанда, “Тиолайн” ЖШС-ін басқарған кезеңде В.И. Долгалев пен басқа да құрылтайшылар арасында “Обуховское” кен орнына қатысу үлесі мен оның табысын бөлуге байланысты келіспеушіліктер туындаған, олар сот арқылы шешілген. Өз кезегінде В.И. Долгалев Т.Х. Садвақасов арқылы құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларын белгілі бір компания құрылтайшыларына қарсы қылмыстық іс қозғау үшін пара беріп сатып алуға тырысты. Бұл олардың заңды талаптарынан бас тартуына және оларға қысым көрсетуге бағытталған әрекет болды. Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті “Тиолайн” ЖШС-нің “Обуховское” кен орнында өз бетінше пайдалы қазбалар өндіру дерегі бойынша тергеуді аяқтады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда.

Осыған байланысты Т.Х. Садвақасов бастапқыда шығарылған ақтау үкімінің күші жойылғаннан кейін соттан жасырынған.

Т.Х. Садвақасовқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close