Жаңалықтар

Антикор режиссер Ермек Тұрсыновқа қарсы тергеу жүргізбегенін мәлімдеді

 

Фото: instagram.com/tursunov_ermek/

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шараларын жүргізбейтінін мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік дерегіне сәйкес Тұрсыновтың Facebook желісінде берген ақпараты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белгісіз.

“Сонымен қатар бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысымен және арызымен «Долгое эхо» көркем фильмін дайындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін киностудияның бұрынғы басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы «Н» режиссерінің жүгінгенін хабарлаймыз. Оның арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.

Қосалқы мердігерлік жұмыстарды жеткізуші «Alashfilm» ЖШС болып табылды, оның бұрынғы директоры «Т» азаматы болды.

Бұдан әрі оның бұрын «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында режиссер Тұрсыновтың бизнес-серіктесі және серігі болғаны анықталды.

«Alashfilm» ЖШС бұрынғы директоры «Т» қатысуымен куәгер мәртебесінде бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілді. Тұрсыновтың өзі тергеу органына шақырылмаған. Қазіргі уақытта іс бойынша ешкім күдікті деп танылған жоқ”, – деп қосты Антикордың баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Ермек Тұрсынов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Сөзінше, Қазақстанда мәдениет саласы дамиды деп үміттенбейді. Оның үстіне өзіне де үнемі қысым жасалатынын жазды.

«Әрине, мұның бәрі көңі-күйді түсіреді. Бірақ мен басқа амал көріп тұрғаным жоқ. Бәрін қалай бар, солай айтатын болсақ, мені елге сыйғызбады», – деп жазды ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close