Қаржы және төлемдер

Антикор заңсыз активтен түскен қаржы қайда жұмсалатынын айтты

Фото: ашық дереккөз

Биыл заңсыз активтен түскен қаражатқа 18 жаңа мектеп салынды, деп жазды qandastar.kz

Оның басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында тұрғызылды. Жаңа нысандар үш ауысымды, апатты және ескі мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді. 

Жалпы 83 мектептің құрылысына 153 млрд теңге бағытталған. Соның 56-сы қолданысқа берілген. 2025 жылы тағы 17 білім ордасын салу көзделген. 

“Агенттік 2022 жылдан бастап мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 триллион 100 млрд теңгеден астам сомасында мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етті, олардан 321,6 млрд теңге ақша қаражат тікелей бюджетке қайтарылды”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров. 

Сондай-ақ қайтарылған заңсыз активтердің ішінде бизнес және люкс нысандар бар. Бүгінде басым бөлігін білім беру мекемелері пайдаланып отыр.

Алматыдағы «Maisat» бизнес орталығы «География және су қауіпсіздігі  институты»-ның меншігіне аударылды. «Kaisar Tower» орталығы «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне» берілді. Ақмола облысындағы резиденция 135 гектар жер учаскесімен бірге Астана қаласының білім басқармасына өтті. Ол жерде балаларға арналған демалыс орнын ашу жоспарланған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close