Қаржы және төлемдер

Антикор жаңа жобаны қолға алды

Фото: ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 2024 жылғы 20 желтоқсанда мемлекеттік органдармен бірлесіп «ақшаны бояу» жобасын енгізуде екенін мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейту мақсатында бюджетті игеру кезінде «ақшаны бояу» тетігін енгізу жөніндегі жобаны іске асыру және масштабтау жүзеге асырылады.

«Бұл тетік «Цифрлық теңге» платформасында іске асырылып, қаражатты жұмсау кезінде ашықтықты қамтамасыз етудің және жемқорлық тәуекелдерін азайтудың маңызды құралы болып табылады. Бұл бюджеттік ақшаны бөлуден бастап толық игеруге дейінгі барлық кезеңдерде пайдалануды бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір теңге бірегей цифрлық белгіні алып, жымқыру мүмкіндігін болдырмайды және бюджетті ұтымды пайдалануға ықпал етеді.»,- делінген ведомство мәліметінде.

2024 жылдың 19 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған жобаны іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық Банктің, қаржы, көлік, өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Бүгінгі таңда жобаларды іске асыру ауыл шаруашылығы, автомобиль және теміржол құрылысы сияқты стратегиялық маңызды секторларда басталды».Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі

Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға микрокредиттер беру және техника шығындарын субсидиялау сынақтан өтуде.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close