Қаржы және төлемдер

Антикордың бұрынғы орынбасарының іздеуде жүрген інісі ұсталды

Фото: Антикор

Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі Дәуренбек Қожабаев ұсталды, деп  жазды qandastar.kz

Антикор  Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

inbusiness.kz бұған дейін хабарлағандай,  Дәуренбек Қожабаев қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін қаладағы орта мектептердің бірінің директорынан пара алды деген күдікке ілінді.

“Дәуренбек Қожабаев тергеуден қашуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. 30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close