Жаңалықтар
Әпкем мен үшін ұялатынын айтты: Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады
Халықтың сүйікті әрі ерке әншісі Мақпал Жүнісова таңертең бөліскен Үндеуі үшін халықтан кешірім сұрап жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz
Өнер иесі өзін жек көретіндерге үндеу жасап, ел алдында сырын ақтарған еді.
“Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Қазір ғана жақын әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты. “Сен біздің масқарамызды шығардың! Сендей сіңлім болғанына өкінемін” деп қатты сөздер айтып жа. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар! Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің әруағы қолдасын!”, – деді әнші.
Мақпал Жүнісова таңертең ғана видео жариялап, көпшіліктің әншілердің алқаш деп қаралағанына ренішін білдіргенін жариялағанбыз.