Жаңалықтар
Әр адамға таңдау беріледі
«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» ҚҚ-ы (Адырна – ұлттық-этнографиялық бірлестігі ) «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның (CISC )мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырыла бастаған «Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» жобасы бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды.
Тарих, салт-дәстүр жайлы атаулы шара Алматы облысындағы Үшқоңыр медресесінде өтті.
Семинар-тренингтің дәріскерлері ретінде Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор, дінтанушы Дәурен Дариябек және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір руxани құндылықтар жайында дәріс оқыды. Дәріс барысында шәкірттердің бірі «адамның өзі қалаған жолмен жүруге таңдауы бар ма, әлде Алла тағала әр адамның жүрер жолын әу бастан белгілеп қоя ма?» деген сауал қойды. Бұл сұраққа дінтанушы Дәурен Дариябек: «Тараған хадистердің бірінде «адам баласы дүниеге келген сәтте Алла оған екі жолды, яғни дұрыс және бұрыс жолдың бірін таңдауына мүмкіндік береді. Жолдардың қайсысын таңдау, әр дамның өз еркінде. Айналасына тек жақсылық жасап, күнәлі істен аулақ жүретін дұрыс жолды таңдау да, керісінше, күнәлі істерге толы бұрыс жолды таңдау да адамның өз еркінде» екені айтылады. Демек, өмірде қандай жолды таңдау, әркімнің өз еншісінде», деп түсіндіріп, жауап берді. Семинар-тренингте медресе шәкірттері мұнан бөлек ұлттық құндылықтар мен діни мәселелерге қатысты көкейлеріндегі көптеген сұрақтарға жауап алды.
Шара соңында ақпараттық-танымдық буклеттер таратылып, жастардың дәрісті қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында шағын сауалнама жүргізілді.
М.Кеңесбекқызы.