ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер
Әр балаға 70 мың теңгеден жәрдемақы төлеу туралы: Еңбек министрлігі не шешті
Елімізде 1,5 жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының мөлшері шамамен 22 мың теңгені құрайды. Депутаттар бұған дейін бұл төлем көлемін 70 мың теңгеге дейін өсіруді ұсынған болатын. Төлеген Оспанқұлов бүгіндері «бір балаға 22 мың төленетінін» растады.
«Бірақ бұл ретте екінші, үшінші, төртінші балаға келгенде, бұл төлем сомасы өсіп отырады, бірақ, 70 мыңды құрамайды, әрине. Бүгінгі таңда біздің министрлікпен төлемдердің 41 түрі жасалады. Осы төлемдердің барлығын өтеу үшін бізге республикалық бюджеттен шамамен 5,2 млрд теңге қажет», – деді ол.
Zakon.kz жазғандай, ведомство есеп жасап, егер әрбір балаға 70 мың теңгеден төленсе, онда қазіргі балалар санына шаққанда төлемдерді жасауға 5,7 трлн теңге қажет болатынын анықтаған.
«Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірақ бүгінгі таңда бұл салық төлеушілердің ақшасы екенін ескерсек, біз бұл соманы зорайта алмаймыз деп ойлаймын», – деп сөзін қорытындылады Төлеген Оспанқұлов.