Жаңалықтар

Әр өңірдің бюджеті өзіне тиесілі болады

Фото: ашық дереккөз

Үкімет өңірлердің дербес болуын құптап, бірқатар өкілеттіліктерді жергілікті биліктерге өткізбекші, – деп хабарлайдыqandastar.kz

“Бұл халықтың өтініштері мен қажеттіліктеріне тез және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік ресурстарды икемді басқарып, өз облыстарының стратегиялық дамуына, атап айтқанда, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті білім мен денсаулық сақтау деңгейін көтеруге қатысты шешімдер қабылдай алады”, – деп жазылған Үкіметтің ресми сайтында.

Осылайша, Үкімет 21 функциясының 12-сін өңір әкімдіктеріне қайта бөледі.

Парламент 18 функцияны аудандық әкімдіктерге беру үшін бірқатар түзетулерді қарастырып жатыр.

Жаңа Бюджет кодексінің жобасында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру салығын республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге аудару көзделген.

Республикалық деңгейден жергілікті деңгейге төлемдер, алымдар, баждар, айыппұлдар және басқа да төлемдерді беру пысықталуда.

Ауыл әкімі мен аппаратының өкілеттіктерін кеңейту көзделген.

atamekenbusiness_qaz телеграм арнасы жазғандай, бұған қоса ауыл әкімдеріне еңбек келісімшартымен тұрғындарды жұмысқа алу мүмкіндігі берілмек.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close