
Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевпен жанжалдасқан орынбасары Дәурен Есімханов болған оқиғадан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады, деп жазады qandastar.kz порталы.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын», — деп жазды Есімханов.
Облыстық әкімдік спорт басқармасында тексеріс басталғанын хабарлады.
Айта кетері, Дәурен Есімханов – самбодан және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы.
Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Сәпиев өзінің орынбасарымен жұдырықтасқаны туралы хабарланған еді.
Күні кеше Сәпиев жанжал жеке немесе тұрмыстық сипатта болмағанын айтқан болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram


