Жаңалықтар

«Арасында полицей де бар»: Түркістан облысында браконьерлер ұсталды

Фото: gov.kz

16 киік ұшасы, 13 киік бас бөлігі мен мүйіздері, 12-калибрлі 2 тегіс ұңғылы қару (бірінде идентификациялық нөмірдің жойылу белгілері бар), 59 патрон және 4 прожектор (фар) табылған.

Түркістан облысында төрт браконьер ұсталды. Олардың арасында полиция қызметкері де бар, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

«2024 жылғы 22 қазанда Түркістан облысының аумағында «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК ЖӘЕТ инспекторлары Жамбыл және Алматы облыстарының төрт тұрғынын, оның ішінде Жанатас қаласында учаскелік инспектор болып жұмыс істейтін полиция қызметкерін ұстады», – делінген хабарламада.

Тіркеу нөмірлері жоқ «Тойота Лэнд Крузер» маркалы автокөлікті тексеру барысында салонынан 16 киік ұшасы, 13 киік бас бөлігі мен мүйіздері, 12-калибрлі 2 тегіс ұңғылы қару (бірінде идентификациялық нөмірдің жойылу белгілері бар), 59 патрон және 4 прожектор (фар) табылған. Материалдар әрі қарай тергеу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close