Зерттеуші журналист Манас Қайыртайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында бірқатар президенттердің жастық шағындағы суреттерін жариялап, мамандықтары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Мемлекет басшыларының ішінде Орталық Азия елдерінің де президенттері, соның ішінде Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да суреті бар.
«Бұ кісілер де бір арманның жетегімен мамандық таңдады. Ақыры президент боп кетті. Шопыр әні кімге қойылғанын соңында білесіз», — деп жазды ол.
Оқырмандары түрлі пікір қалдырып жатыр.
«Философ деген мамандық бар ма», «шопыр қалай кетті шопырлыған жасадығо ақыры» және «бізде оқымасаң, президентікке түсе алмайсың» деп жазып жатыр олар.



