Жаңалықтар

Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді

Фото:atekps.edu.kz

Мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтап, сынға қалған депутат Ардақ Назаров бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz

Оның айтуынша, бұл әрекет Мәжілістің этика комиссиясында қаралмаған.

«Жоқ, қаралған жоқ. Неге қаралуы керек? Мен қылмыс жасаған жоқпын, ешкімге зиян тигізген жоқпын. Тек анама деген құрметімді білдірдім. Сіз де анасыз ғой, егер балаңыз сізді Ақордадан құттықтаса, әрине қуанар едіңіз. Мұнда ешқандай әбестік жоқ. Парламентте де ешкім қарсы пікір білдірген жоқ, керісінше басшылық та, әріптестерім де қолдады», – деді Назаров.

Депутаттың айтуынша, оны сынап жүргендер – өз ата-анасына құрметі жоқ адамдар.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close