Жаңалықтар

Арқалықтағы әуежайға Алаш қайраткерінің есімі беріледі

Арқалық қаласының әуежайына Алаш қозғалысының белді мүшесі, ақын-жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың есімі беріледі, деп хабарлайды Qandastar.kz порталы Кazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» басқарма төрағасының орынбасары Жаслан Ысқақовтың айтуынша, биыл ақпан айынан бастап ол жаңадан құрылған филиал — Арқалық қалалық әуежайының директоры қызметіне кіріседі.

Көрнекті қоғам қайраткерінің есімін беру аймақтың тарихи жадын сақтау және рухани жаңғыру ісіндегі маңызды қадам болатыны атап өтілген. Шешім Алаш қозғалысы өкілдерінің қазақ мемлекеттілігі мен ұлттық сана-сезімін дамытуға қосқан үлесін тарихта мәңгі қалдыруға бағытталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button