Шоу бизнес

«Арман Дүйсенов жертөледе қайтыс болды демедім»: Индира Елемес өзін сынағандарға жауап берді

Әнші Индира Елемес әлеуметтік желідегі парақшасында Арман Дүйсеновтің өліміне қатысты берген сұхбаты үшін өзін сынап жатқандарға жауап берді, деп жазады qandastar.kz.

Әншінің айтуынша, КТК арнасынан «Астарлы ақиқат» бағдарламасына қатыспайтынын айтса да, журналистері студиясына келіп, жалынып отырып алғаннын айтты.

«Зауытта қайтыс болғанын білеміз деді. Ол кісінің өлімі туралы айтып маған не керегі бар? Телеарна «Халық Арман Дүйсеновтың қайда өмірден өткенін біледі» деп жауап берді., – деді ол.

Әнші тілшілерге бұл тақырыпқа арналған бағдарлама бөлімін эфирге шығару үшін марқұм сазгердің отбасынан рұқсат алу қажет екенін ескерткенін алға тартты. Тіптен, «әйелінен рұқсат алдық» дегесін бағадарламаға барғанын алға тартты.

Сонымен қатар, Индира Елемес «Арман Дүйсенов жертөледе қайтыс болды» деп айтпағанын айтты.

«Мен жертөле деген сөзді білмеймін және студияны жертөле деп те айтпаймын. Зауытта қайтыс болды» дейді, бөлмесін көрсетіңізші деп сұрады, мен көрсетпейтінімді айттым. Олардың не ойы болғанын әлі түсінбедім, айтпаған нәрсені айтты деп былықтырып алып, YouTube-тан өшіріп тастады. Бүкіл материалды шығарсын ештеңесін қысқартпай, көрсетсін халыққа! Маған ғайбат жазуды тоқтатыңыздар!» – деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button