Жаңалықтар

Арман Шораев: Ешқашан ешкімді ұрған емеспін. Қара пиар үшін Козачковка ақша төленеді

Фото: forbes.kz
Желіде қоғам қайраткері Арман Шораевтың әйелді соққыға жыққан видеосы тараған еді. Араға уақыт салып Шораевқа қатысты қылмыстық істің тоқтағаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Михаил Козачковтің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі жақтың бір келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Еске салайық, қоғам белсендісі Арман Шораевтың елорда көшелерінің бірінде азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соққан видеосы тараған еді. Алайда Шораевтың өзі бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.

Ол Facebook желісінде «жасанды интеллекттің құрбаны болғанын» және журналиске қарсы арыз түсіретінін хабарлады.

«Мұның бәрі өтірік. Мен ешқашан ешкімді ұрған емеспін. Бұл арандатушылық және қара пиар үшін Козачковка ақша төленеді», — дейді Арман Шораев.

Сондай-ақ Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Шораевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close