Жаңалықтар

Арман Шораев тергеуге алынды

 

Астана қаласының полиция департаментінің мәліметінше, бірге тұрып жатқан әйелге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша Арман Шораев тергеуге алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталып жатыр,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Естеріңізге сала кетейік, телеграм арналардың бірінде ер-азаматтың әйелді шашынан сүйреп, соққыға жыққан видеосы тарады. Бұл Шораев деп көрсетілген. Әйел еркектің үстінен арыз жазудан бас тартқан деп жазылды.  

Ал Арман Шораевтың өзі фейсбук әлеуметтік желісінде «мен жасанды интеллектінің құрбаны болдым» деп мәлімдеді. 

ПД әйел құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға, соның ішінде ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өзгерістер күшіне енгенін еске салады. 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close