Жаңалықтар
«Армандарымыздың бәрі көкке ұшты»: Соқырішекпен ауырған келіншек отадан соң сәбиінен айырылған

Қызылорда қаласында соқыр ішекпен ауырған аяғы ауыр келіншек ота жасалған соң сәбиінен айырылған, деп хабарлайды Qandastar.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
23 жастағы жас ананың айтуынша, ақ халаттылар ішін тілгенде жиналған сұйықтықты сыртқа шығармаған. Соның кесірінен ауруым асқынып, әлі күнге дейін айыға алмай жүрмін деп ашулы. Ең сорақысы, сол операциядан кейін сәби көтере алмайтын хәлге түстім деген әйел дәрігерлердің жазаланғанын қалайды.
Асыға күткен екінші сәбиінен айырылған жас жұбайлар Нұрлан мен Гүлім бұл қайғыға дәрігерлерді кінәлайды. Келіншек былтыр құрсақ көтергеніне бес ай болғанда, соқыр ішекпен ауырып ауруханаға түскен. Алайда ақ халаттылар жүкті екенімді біле тұра, тиісті тексеруден өткізбей ота жасады дейді. Оның үстіне операция кезіндегі қателіктерден ішкі ағзама ірің жиналып, ауруым одан сайын асқынып кетті деп налиды.
ГҮЛІМ ӘБІЛДАЕВА, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Ауырады ішек құрылыс әлі күнге. Құрылдайды. Мен қазір дәрімен жүрмін. Ауыр көтере алмаймын. Кішкентай көтердім. Ол өспей, түсіп қалды. Врачтарға көрініп ем, олар уже организмнің қабылдамай тұр дейді. Жағдайым қиындап барады.
Яғни, сәтсіз отадан соң дәрігерлер тағы бірнеше рет ішкі құрылысымды тілді дейді келіншек. Сөйтіп жүргенде, өмірге келген бес айлық нәресте шетінеп кеткен. Содан бері емделу үшін ауруханалардың табалдырығын тоздырып, бір жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген жас жұбайлар ақ халаттылардың жазаланғанын талап етеді.
– Ауырады ішек құрылыс әлі күнге. Құрылдайды. Мен қазір дәрімен жүрмін. Ауыр көтере алмаймын. Кішкентай көтердім. Ол өспей, түсіп қалды. Врачтарға көрініп ем, олар уже организмнің қабылдамай тұр дейді. Жағдайым қиындап барады, – дейді Гүлмира Әбілдаева.
Яғни, сәтсіз отадан соң дәрігерлер тағы бірнеше рет ішкі құрылысымды тілді дейді келіншек. Сөйтіп жүргенде, өмірге келген бес айлық нәресте шетінеп кеткен. Содан бері емделу үшін ауруханалардың табалдырығын тоздырып, бір жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген жас жұбайлар ақ халаттылардың жазаланғанын талап етеді
– Қызылорда облысының прокуратурасына да жазылды бұл арыз. И ГОВД-ға да жазылды. Қазір 8 ай болды. Еш нәтиже жоқ. Келіншегімнің денсаулығына жауап берсін. Қазір біз 6 ай сайын Астанаға барып көрінуіміз керек. Қаншама армандарымыз бар еді. Енді осы жағдайдан кейін армандарымыздың бәрі көкке ұшты ғой, – дейді Гүлім Әбілдаеваның жұбайы.