Шоу бизнес

«Арманыма жету үшін көп еңбек еттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова анасына пәтерді қалай алғанын айтты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өз анасына қымбат сыйлық жасап, Астанадан пәтер алып берді, деп жазады qandastar.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісіп, бейнежазба жариялады. Актрисаның айтуынша, ол бұл күнге бірнеше жыл бойы дайындалған.

«Соңғы жылдары анам менің және балаларымның қамы үшін екі қала арасында өмір сүрді. Алматыға келіп, әкеме барлық жағдайды жасап, тоңазытқышты ас-ауқатқа, бауырсақ пен самсаға толтырып кетеді де, қайтадан Астанаға — бізге асығатын. Мен іссапарға алаңсыз шыға алатынмын, ал балаларым анамның мейірімі мен қамқорлығына бөленіп жүрді», – деп жазды ол.

Актрисаның айтуынша, екі жыл бұрын анасына өздерінің үйінің маңынан пәтер алып беруді мақсат етіп, сол арманын қажырлы еңбектің арқасында жүзеге асырған.

«Анама жақын жерден пәтер алып беруді мақсат еттім. Арманыма жету үшін көп еңбек еттім», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары актрисаның анасын жаңа қонысымен құттықтап, Жұлдыздың өнегелі, қамқор перзент екенін жарыса жазды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button