Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылғы 10 мамырға арналған ресми валюта бағамдарын жариялады. Сонымен қатар, Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі АҚШ доллары, еуро және ресей рублінің сатып алу-сату бағалары белгілі болды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп.
Ұлттық банк мәліметінше, ресми бағам бойынша АҚШ доллары 461,26 теңге, еуро 542,58 теңге, ресей рублі 6,18 теңге, ал қытай юані 67,82 теңге болып белгіленген.
Айта кетейік, валюта бағамдары уақытқа байланысты өзгеруі мүмкін. Ал айырбастау пункттеріндегі сатып алу және сату бағаларын әр мекеме өз бетінше белгілейді.
Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағасы 460,07 теңге болса, сату бағасы 466,97 теңгеге жеткен. Еуро 538–548 теңге аралығында саудалануда. Ресей рублінің бағамы 5,99–6,3 теңге шамасында.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 463,54 теңгеден сатып алынып, 465,88 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 542,76–547,99 теңге аралығында болса, рубль 6,01–6,14 теңге деңгейінде қалыптасты.