Қазақстан шетелдік туристер үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырып жатыр.
Бүгінде 105 елдің азаматтары Қазақстанға елшілікке жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы келе алады, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, туризмді дамыту мақсатында көші-қон рәсімдері цифрландырылып, көлік қатынасының қолжетімділігі артып келеді. Сонымен қатар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.
Қазіргі таңда 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa енгізілген. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдай алады
Сондай-ақ еліміздің әуежайлары мен ірі шекаралық өткізу бекеттерінде туристерге QR-коды бар арнайы ақпараттық карталар ұсынылады. Онда Қазақстанда болу ережелері, шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері және байланыс операторлары туралы қажетті мәліметтер қамтылған.
Көші-қон қызметтерін одан әрі жетілдіру үшін QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Ал туристік полиция бөлімшелері еліміздің 18 өңіріндегі туристік нысандар мен ұлттық саябақтарда қызмет көрсетеді. Шет тілдерін меңгерген полиция қызметкерлері шетелдік қонақтарға қажетті көмек пен ақпарат ұсынады.