Италияда ең қарт ер адам ретінде танылған Витантоньо Ловалло 112 жасында қайтыс болды. Ол өмірінің көп бөлігін Базиликата өңірінің Потенца провинциясындағы Сарнелли елді мекенінде өткізген. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Corriere della Sera басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Ловалло 1914 жылы дүниеге келген. 2026 жылғы 25 наурызда ол 112 жасқа толған. Жас кезінде қой бағып, кейін қашыр айдаушы болып еңбек еткен.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Витантоньо Ловалло әскерге шақырылған. 1943 жылғы 8 қыркүйектен кейін Грекияда неміс әскеріне тұтқынға түсіп, бастапқыда Родос аралында ұсталған. Кейін Германияға жөнелтіліп, концлагерьде болған.
1945 жылғы 8 мамырда Кеңес әскері келгеннен кейін тұтқыннан босатылған. Соғыс аяқталған соң Италияға оралып, отбасын құрды. Оның екі қызы және бір ұлы болған.
Авильяно қаласының мэрі Джузеппе Мекка Ловаллоның ғұмыр жолына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, марқұмның қарапайымдылық пен табандылыққа негізделген өмірі, отбасына және туған өлкесіне деген сүйіспеншілігі ел жадында сақталады.
Витантоньо Ловаллоны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 17 қыркүйекте Сарнеллидегі Сан-Винченцо-Феррер шіркеуінде өтеді.