Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Айчи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Иордания өкілі Ишашпен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысында төрешілердің барлығы қазақстандық боксшының жеңісін мойындап, есеп 5:0 болды.
Бұл – Қазақстан боксшыларының Азия ойындарындағы 12 жылдағы алғашқы алтыны. Соңғы рет отандық спортшылар 2014 жылы Инчхонда өткен додада чемпион атанған еді.
Ал 2018 жылғы Джакарта және 2022 жылғы Ханчжоу ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын жүлдеге қол жеткізе алмады.
Осылайша, Төрехан Сабырхан ұзақ жылдарға созылған үзілісті тоқтатып, Қазақстан қоржынына көптен күткен алтын медальді салды.