Мазмұнға өту
qandastar.

120%-дық пайызбен қарыз берген: Қостанайдағы заңсыз несие ісінің жай-жапсары

Малика Хамит · · 12 қаралым
120%-дық пайызбен қарыз берген: Қостанайдағы заңсыз несие ісінің жай-жапсары

Қостанайда лицензиясыз кепілмен несие беруді ұйымдастырған жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тергеу мәліметінше, ол заңсыз микрокаржылық қызмет көрсетіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырған.

Белгілі болғандай, күдікті OLX пен Instagram арқылы жарнама жасап, банктен несие ала алмаған немесе қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға қарыз ұсынған. Несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме кей жағдайда 120%-ға дейін жеткен.

Тергеу барысында қарыз шарттарында азаматтардың нақты алған сомасы емес, алдын ала есептелген пайыздар мен түрлі шығындар қосылып, қарыз көлемі негізсіз ұлғайтылғаны анықталды.

Мысалы, жәбірленушілердің бірі қолына 9 млн теңге алғанымен, құжатта 14 млн теңге көрсетілген. Кейін оған ешқандай ақша берілмесе де, 18 млн теңге көлеміндегі тағы бір келісім рәсімделген. Соның салдарынан сот шешімімен азаматтан жалпы 26 млн теңге өндірілген.

Осы тәсілмен 50-ден астам адам өзіне тиімсіз несие шарттарына қол қойған. Ал заңсыз қызметтен түскен табыс көлемі 1 миллиард теңгеден асқан.

Сот айыпталушыны 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, заңсыз табысқа сатып алынған төрт пәтер, екі жер телімі және Mercedes-Benz G500, Dodge RAM 1500, Hyundai Santa Fe автокөліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp