13 мамыр күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында әртүрлі ауа райы күтіледі. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Алматыда бүгін күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +19 градусқа дейін көтерілсе, түнде +3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы шамамен 3,4 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер өткінші жаңбыр жауады деп болжауда. Күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін жетсе, түнде +9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,7 м/с болады.
Ал Шымкентте күн райы ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны +26 градусқа дейін көтеріліп, түнде +12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,9 м/с шамасында болмақ.