2023 жылы 14 орманшының өмірін қиған «Семей орманы» резерватындағы алапат өрттен кейін көтерілген мәселелердің бірі – қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы мен техникалық жарақтандырылуы болды.
Үкіметтегі брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды
порталы.
Оның айтуынша, соңғы үш жыл ішінде орман шаруашылығына 2 мыңнан астам техника сатып алынған.
Сонымен қатар орман өртін сөндіруге қатысатын мамандардың жалақысына 100 пайыздық үстемеақы енгізілген.
Мәселен, өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі еңбек өтіліне қарай орташа есеппен 275 мың теңге алады. Орман өртін сөндіру станциясының бастығы – 355 мың теңге, ал орман өртін сөндірушінің жалақысы шамамен 250 мың теңгені құрайды
Вице-министрдің сөзінше, мемлекеттік орман инспекторларының еңбекақысы бұдан да жоғары деңгейде.
Алайда жалақы өсімі барлық қызметкерлерді қамтымаған. Әкімшілік құрамдағы бухгалтерлер мен экономистердің айлығы бұрынғы деңгейде қалып, орта есеппен 150-160 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға тартылатын қызметкерлердің жалақысы да өзгермеген.
Ал әкімшілік корпус, соның ішінде бухгалтер мен экономистердің жалақысы өзгерген жоқ. Олар 150-160 мың теңге алады. Сосын әр түрлі маусымдық жұмыстарға тартылатын адамдардың айлығы көтерілмеді. Бірақ “Семей орманында” ақша үнемдеудің есебінен қосымша ақы төленеді
Еске салсақ, өткен жылы «Семей орманы» резерватындағы өртке байланысты жауапты лауазымды тұлғалар сотталған болатын.