Мазмұнға өту
qandastar.

14 жастағы оқушы мектепке аңшы мылтығын алып кірген

Малика Хамит 19 қаралым
14 жастағы оқушы мектепке аңшы мылтығын алып кірген

Францияның Обань қаласында 14 жастағы жасөспірім мектепке аңшы мылтығын алып кіріп, бірнеше рет оқ атқан, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға салдарынан мектеп директоры мен мұғалім жарақат алды.

Оқиға 12 қазанда Марсель қаласының маңындағы Жозеф Лаканаль атындағы мектепте болған. Le Parisien басылымының Марсель прокуратурасына сілтеме жасап хабарлауынша, оқушы 12-калибрлі аңшы мылтығын гитара қапшығына жасырып, мектеп ғимаратына алып кірген.

Ғимаратқа кірген соң жасөспірім дәлізде бірнеше рет оқ атқан. Содан кейін басқа қабатқа көтеріліп, оқушылар отырған сыныпқа да оқ шығарған. Оқ мектеп тақтасына тиген. Абырой болғанда, балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Шабуыл жасаған жасөспірімді мектеп қызметкерлері залалсыздандырып, кейін полицияға тапсырған.

Жарақат алған мектеп директоры мен мұғалім ауруханаға жеткізілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір Марсель прокуратурасы кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жасөспірімнің мектепке қару алып келіп, оқ атуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бөлісу: Telegram WhatsApp