Мазмұнға өту
qandastar.

15 қыркүйектен бастап оқушылар онлайн сабақ оқитыны рас па: санитария дәрігерлері жауап берді

bahitzhanabzal · · 602 қаралым
15 қыркүйектен бастап оқушылар онлайн сабақ оқитыны рас па: санитария дәрігерлері жауап берді

Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан білім алады деген ақпарат тарады. Мәліметті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

жоққа шығарды - деп жазады

Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды
делінген хабарда.

Ведомство мәліметінше, жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі.

Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі
делінген хабарда.
Бөлісу: Telegram WhatsApp