Мазмұнға өту
qandastar.

15 жастағы қызбен қарым-қатынасы үшін 12 жылға сотталған жігіт колонияда көз жұмды

Малика Хамит
15 жастағы қызбен қарым-қатынасы үшін 12 жылға сотталған жігіт колонияда көз жұмды

Павлодар облысындағы түзеу мекемесінде 20 жастағы сотталушы көз жұмды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ол 15 жастағы мектеп оқушысымен интимдік қатынасқа түскені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Оқиға 2025 жылы басталған. Сол кезде 19 жастағы жігіт Instagram арқылы 15 жастағы қызбен танысып, біраз уақыт хат алмасқан. Кейін екеуі қыздың үйінде кездесіп, арасында интимдік қатынас болған.

Қыздың анасы бұл жағдайды білген соң полицияға жүгінген. Қарым-қатынас өзара келісіммен болғанына қарамастан, заң бойынша 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған.

Осы істі қараған сот 2026 жылдың сәуірінде жігітті 12 жылға бас бостандығынан айырған.

Алайда арада бірнеше ай өткенде оның колониядағы өмірі қайғылы аяқталды. Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің алдын ала мәліметінше, сотталушы өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp