Мазмұнға өту
qandastar.

16 жасқа дейін әлеуметтік желіге тіркелуге болмайды: жаңа заң жобасы әзірленді

Малика Хамит
16 жасқа дейін әлеуметтік желіге тіркелуге болмайды: жаңа заң жобасы әзірленді

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына шектеу енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл талапты орындау үшін арнайы заң жобасы әзірленді. Енді әлеуметтік желі платформалары қолданушылардың жасын тексеруге міндеттелуі мүмкін.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, жаңа талап әлеуметтік желілердің иелері мен олардың Қазақстандағы өкілдіктеріне қатысты болады. Олар тіркелушінің жасын анықтайтын тиісті тексеру тетіктерін енгізуі керек.

Алайда шектеу барлық онлайн байланыс құралдарына бірдей қолданылмайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен және басқа адамдармен сөйлесуге арналған мессенджерлерге бұл тыйым жүрмейді.

Министр бұл бастама туралы бүгін Құрылтай отырысында мәлімдеді.

Заң жобасы қабылданса, 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалану тәртібі өзгереді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp