Мазмұнға өту
qandastar.

Ардагерлерді ардақтайық

qandastar · · 1 155 қаралым
Ардагерлерді ардақтайық

Өткен жылдың 14-қыркүйегінде тұңғыш президент Н.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп, сәйкесінше қаулы қабылдаған еді. Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың қатарына «Азаматтық борыш» жобасы да еніп отыр.
«Жастар жылының» аясында жүзеге асып отырған шараны «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қалалық даму басқармасының қолдауымен жолға қойды. Кері байланыс сипатында өткізілген кездесудің қонақтары- Ауған соғысының ардагерлері Серікбай Кеңесбайұлы мен Мейрамбек Дәрібаев.

Тарихи оқиғаның тікелей куәгерлерінен сан түрлі сұраққа жауап ала алған М.Есболатұлы атындағы казарманың курсант, студенттері ардагерлердің мазмұн мен мәнге толы әңгімелерінен сусындап қайтты. Жастарға тәрбиелік, тәртіптік берері мол шара көкірекке күш, рухқа азық болары сөзсіз!

Бөлісу: Telegram WhatsApp