Әлеуметтік желіде көшеде жүргізілген опрос видеосы көпшіліктің назарын аударды. Жүргізуші көшедегі өткелде өтіп бара жатқан адамдардан қанша тілде сөйлей алатынын сұраған, дейді Qandastar.kz.
Сұхбат барысында 18 жастағы Нұрай есімді бойжеткен өзінің 7 тілді еркін меңгергенін айтып, көпшілікті таңғалдырды. Ол:
-
Қазақша
-
Орысша
-
Ағылшынша
-
Итальянша
-
Корейше
-
Түрікше
-
Қытайша
тілдерінде сөйлей алатынын дәлелдеп, әр тілде қысқаша өзін таныстырып шықты.
Нұрайдың айтуынша, бәрі 6 жыл бойы ағылшын тілін үйренуден басталған. Ағылшын тілін меңгерген соң басқа тілдерді де оңай үйреніп кеткен.
Жүргізуші біліміне тәнті болып, оған 10 000 теңге ақшалай сыйлық табыстады. Желі қолданушылары жас полиглот қыздың бұл қабілетіне оң баға беріп, қолдау білдіріп жатыр.
[embed]https://www.tiktok.com/@nadir_izteleu/video/7665601082717932807?is_from_webapp=1&sender_device=pc[/embed]