Мазмұнға өту
qandastar.

180 млн теңге ойынға кеткен: 20 жеке сот орындаушысы тексерілді

Малика Хамит · · 12 қаралым
180 млн теңге ойынға кеткен: 20 жеке сот орындаушысы тексерілді

Алматы облысында жеке сот орындаушыларына қатысты тексеру кезінде күтпеген жағдай анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

20 маманның букмекерлік кеңселердегі ойын шоттарына қомақты қаражат аударып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны белгілі болған.

Прокурорлардың мәліметінше, олардың ойын шоттарына аударған ақшасының жалпы сомасы 180 млн теңгеге жуықтаған.

Ең ірі сомалар да назар аудартқан. Мәселен, жеке сот орындаушыларының бірі үш жыл ішінде букмекерлік шотына 139 млн теңге аударған. Тағы бір маман ойынға 26 млн теңгеге жуық қаражат салған.

Прокуратура мұндай әрекет кәсіби әдеп талаптарына қайшы екенін атап өтті. Себебі жеке сот орындаушылары азаматтардың мүліктік және қаржылық мәселелеріне қатысты маңызды міндеттер атқарады.

Анықталған фактілер бойынша материалдар Алматы облысының Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды.

Енді жауапты органдар заң аясында қандай шара қолданылатынын шешеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp