Спортшы 192 келіні көтеріп, қарсыластарынан озып шықты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Осылайша ол төрт жыл бұрынғы нәтижесін жақсартып, Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін Дегтярев 186 келіні көтеріп, алтын медаль иеленген еді.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін қазақстандық спортшының жетістіктері мұнымен шектелмейді. Ол — үш дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Паралимпиада чемпионы. 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия Пара ойындарында да топ жарған.
Айта кетейік, биылғы Азия Пара ойындары Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатыр.