Қазақстанға Таиландтан есірткі жеткізіп, оны ел ішінде таратуды жоспарлаған 20 жастағы шетел азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Күдікті жедел-іздестіру шаралары кезінде ұсталған. Одан жалпы салмағы 17 келі есірткі тәркіленген.
Тергеу барысында оның Таиландтан әкелген есірткі заттарын Қазақстан аумағында заңсыз таратуға ниетті болғаны анықталды. Сот шетел азаматын кінәлі деп танып, ұзақ мерзімге түрмеге қамау туралы үкім шығарды.
Әуежайларда есірткі тасымалының 27 дерегі анықталған
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Астана мен Алматы әуежайларында есірткі контрабандасына қатысты 27 деректің жолы кесілген. Заңсыз айналымнан шамамен 98 келі есірткі тәркіленді. Бұл көлем бір реттік 180 мың дозаға жуық.
Полиция өкілдері азаматтарды бөгде адамдардың сәлемдемелерін, пакеттерін немесе басқа да заттарын сақтауға не тасымалдауға келіспеуге шақырады. Тіпті ол үшін ақша ұсынса да, заттың ішінде не бар екені белгісіз болса, оны қабылдау ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.
20 жастағы шетелдік Қазақстанда 16 жыл түрмеде отырады: себебі белгілі болды