Мазмұнға өту
qandastar.

200 мың долларды шекарадан жасырын алып өтпек болған

Малика Хамит
200 мың долларды шекарадан жасырын алып өтпек болған

Шекарадан 508 млн теңгені жасырын алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қазақстан шекарасында декларацияланбаған ірі көлемдегі валюта тасымалдау деректері анықталды. Бар болғаны 9 күн ішінде шекарашылар мұндай 59 әрекеттің жолын кесті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 16-25 қараша аралығында өткізу пункттерінде жалпы сомасы 508 млн теңгеден асатын декларацияланбаған ақша анықталған.

Оның ішінде екі дерек ерекше назар аудартады. 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарада Қазақстан азаматының жүгінен 4 млн 441 мың 500 рубль (шамамен 23 млн теңге) табылған.

Ал 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде шетелдік азамат 200 мың долларды (шамамен 91 млн теңге) жасырын алып өтпек болған.

Қазір аталған деректер бойынша тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, ел аумағынан 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp