Мазмұнға өту
qandastar.

2026 жылдан бастап Конституция күні 15 наурызда атап өтіледі

Бақытжан Мұса · · 615 қаралым
2026 жылдан бастап Конституция күні 15 наурызда атап өтіледі

2026 жылдан бастап Қазақстанда Конституция күні енді 30 тамызда емес, 15 наурызда атап өтіледі. Соған қарамастан, биыл тамыз айында қазақстандықтарды он күндік демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Еске салайық, 15 наурызда өткен республикалық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Жаңа редакцияға сәйкес, Конституция күні ресми түрде 15 наурызға ауыстырылып, бұл күн мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.

Жаңа Конституцияның 94-бабының 2-тармағына сәйкес, 15 наурыз енді ресми демалыс күні саналады.

Ал eGov порталында жарияланған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылдың тамыз айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады. Себебі ай ішінде сенбі мен жексенбі күндері он күнге сәйкес келеді. Ал алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар бес күн демалады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp