2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі мәресіне жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған барлық командалар белгілі болды. Бұл туралы
сайты хабарлады.
Биылғы әлем біріншілігін АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп қабылдап жатыр. Турнир тарихында алғаш рет 48 құрама 12 топқа бөлініп, бақ сынады.
Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтың алғашқы екі орнын иеленген құрамалар тікелей 1/16 финалға шықты. Сонымен қатар, үшінші орын алған үздік сегіз команда да плей-офф кезеңіне жолдама алды.
1/16 финалда мынадай жұптар кездеседі:
- Германия – Парагвай;
- Франция – Швеция;
- Оңтүстік Африка Республикасы – Канада;
- Нидерланды – Марокко;
- Португалия – Хорватия;
- Испания – Австрия;
- АҚШ – Босния және Герцеговина;
- Бельгия – Сенегал;
- Бразилия – Жапония;
- Кот-д'Ивуар – Норвегия;
- Мексика – Эквадор;
- Англия – Конго Демократиялық Республикасы;
- Аргентина – Кабо-Верде;
- Австралия – Египет;
- Швейцария – Алжир;
- Колумбия – Гана.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.