Мазмұнға өту
qandastar.

2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланды

Бақытжан Мұса 47 қаралым
Құрылтай
Құрылтай

Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің отырысында «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Талқылау барысында жасанды интеллект, цифрлық даму, ғылым және жоғары білім салаларын қаржыландыру мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Отырыс кезінде депутаттар ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруды арттыру, инновациялық гранттарға қосымша қаражат бөлу және жас ғалымдарды қолдау жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын ішкі шығындар мәселесі талқыланды.

Бұдан бөлек, ғарыштық жүйелерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыруға бағытталған бюджет қаражаты қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша комитет тиісті шешімдер қабылдап, қорытындыларын бас комитетке жолдады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp