Мазмұнға өту
qandastar.

2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды

Малика Хамит · · 782 қаралым
2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды

Бұл туралы Токио қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде айтылды, деп хабарлайды

порталы.

Іс-шарада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.

Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз. Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) танысқанын да айтып өтті.

Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін
дейді президент.
Бөлісу: Telegram WhatsApp