Мазмұнға өту
qandastar.

2028 жылдан бастап қазақстандықтар Кореяға ресми жұмысқа бара алады

Малика Хамит · · 842 қаралым
2028 жылдан бастап қазақстандықтар Кореяға ресми жұмысқа бара алады

Қазақстан азаматтары үшін Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа жол ашылды.

Қазақстан шетелдік жұмысшыларды қабылдайтын Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) жүйесіне ресми түрде қосылды, деп хабарлайды

порталы.

Енді қазақстандықтарды Кореяға осы жүйе арқылы жұмысқа жіберу тетігі дайындалып жатыр. Ал алғашқы жұмысшыларды 2028 жылдан бастап қабылдау жоспарланған.

Алайда оған дейін атқарылатын жұмыс бар. Қазақстан мен Корея үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюы керек. Сонымен қатар елде корей тілінен емтихан қабылдайтын EPS-TOPIK орталығы ашылады.

Кореялық мамандар Қазақстанға келіп, жаңа жүйені енгізуге дайындықты тексеріп кеткен. Олар болашақта жұмысшылардың корей тілін білу деңгейін, кәсіби қабілетін бағалау, медициналық тексеру және Корея заңнамасы бойынша ақпараттандыру тәртібін қарастырған.

Кореяға жұмысқа бару үшін не керек?

EPS жүйесіне қатысатын үміткерлер бірнеше кезеңнен өтеді:

  • корей тілінен тест тапсырады;
  • кәсіби дағдылары бағаланады;
  • медициналық тексеруден өтеді;
  • Кореяда жұмыс істеу талаптары мен заңнамасымен танысады.

Ең маңыздысы - жұмысшыларды іріктеу ресми жүйе арқылы жүргізіледі. Яғни үміткерлерді жұмысқа орналастыруда жеке делдалдарға сүйену қарастырылмаған.

Осыған байланысты Еңбек министрлігі азаматтарды «тез арада Кореяға жұмысқа жібереміз» деп ақша сұрайтын адамдардан сақ болуға шақырды.

Қазір нақты тіркеу мерзімдері, талаптар және тестілеу тәртібі кейінірек министрліктің ресми ресурстарында жарияланады.

Айта кетейік, Кореяның шетелдік жұмыс күшін тарту жүйесіне Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты Орталық Азия елдері де қатысады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp