Көкшетауда әлеуметтік тұрғын үй құрылысына бөлінген 211 млн теңгенің жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды
порталы.
Ақмола облысында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2021 жылдың соңында Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі мен мердігер компания арасында құны 1 миллиард теңгеден асатын келісім жасалған. Жоба аясында көппәтерлі тұрғын үйлер салу жоспарланған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, компания аванстық төлем алу үшін сақтандыруға қатысты жалған құжаттар ұсынған. Осыдан кейін мердігердің есепшотына бюджеттен 211 миллион теңге аударылған.
Алайда құрылыс жұмыстары толық аяқталмай, тұрғын үйлер пайдалануға берілмеген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бөлінген қаржының бір бөлігі жеке мақсаттарға жұмсалып, кейбір қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.