Мазмұнға өту
qandastar.

22 сәуірдегі ауа райы: Алматы, Астана және Шымкентте қандай өзгеріс бар?

Бақытжан Мұса · · 100 қаралым
22 сәуірдегі ауа райы: Алматы, Астана және Шымкентте қандай өзгеріс бар?

22 сәуірде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Бұл туралы OpenWeather порталы мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматыда күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін жетеді, ал түнде 8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы шамамен 3,6 м/с болады.

Астанада да аспан бұлтты болады. Күндіз температура 23 градусқа дейін көтерілсе, түнде 5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с шамасында.

Ал Шымкентте кей жерлерде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жылынып, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,9 м/с-қа жетеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp