Мазмұнға өту
qandastar.

22 тамызға арналған ауа райы болжамы: Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болады?

Бақытжан Мұса · · 255 қаралым
22 тамызға арналған ауа райы болжамы: Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болады?

22 тамызда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Бұл туралы Qandastar.kz порталы хабардады.

OpenWeather мәліметіне сәйкес, Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Ауа температурасы күндіз +30°C-қа дейін көтеріліп, түнде +18°C-қа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 11 м/с-қа жетеді.

Астанада көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +26°C, түнде +13°C болады. Желдің жылдамдығы 5–10 м/с шамасында соғады.

Шымкентте де өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +34°C-қа дейін көтерілсе, түнде +22°C болады. Жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Бөлісу: Telegram WhatsApp